Көкшетау мен Қарағандыдағы сойқандар

28 qarasha
1299

«Арлан» академиясы нәтижелі жекпе-жекте «Мұнайшыны» жеңді. «Барыс-Жас» «Құлагерді» жеңіп кетті. «Қыран» «Горнякты» ойсырата жеңді. «Торпедо» «Астананы» шаң қаптырды. «Ақтөбе» «Алматыдан» басым түсті. «Ястребы» чемпионат көшбасшысын жеңіліске ұшыратты.

«Барыс-Жас» үшінші кезеңде ғана «Құлагердің» арынын басты. Жеңіс шайбасы Арыстан Амыркановқа тиесілі. Алаң иелерінің қақпашысы Владимир Никитин 39 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс-Жас» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)

1:0 – 12:36 – Леута (Гросс, Надейкин)

1:1 – 31:39 – Фролов (Букарь, Блудов)

2:1 – 48:22 – Амырканов (Агланбеков)

3:1 – 57:28 – Диде (Леута, Гросс)

Қақпашылар: Никитин – Коваль

«Қыран» бірінші кезеңде-ақ «Горняктың» қақпасына бес шайба аттандырды. Әрі қарай қарағандылықтардың үстемдігі арта түсті. Ал рудныйлықтар қарсыластың қақпасын ала алмады. Алаң иелерінің қақпашысы Максим Дубович өз есебіне құрғақ матчты жазды.

«Қыран» - «Горняк» 7:0 (5:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 00:59 – Степанов (Еськов, Ущев)

2:0 – 06:09 – Корягин (Медведков)

3:0 – 06:25 – Свинтальский (Пономарёв)

4:0 – 11:50 – Денисов (Свинтальский, Трибунский)

5:0 – 19:47 – Степанов (Денисов, Ущев)

6:0 – 22:44 – Булавчук (Белоус, Двуреченский)

7:0 – 42:47 – Двуреченский (Белозёров, Белоус)

Қақпашылар: Дубович – Митрофанов (Лигай, 11:50-60:00)

«Торпедо» «Астананы» жеңу үшін біршама тер төкті. Шешуші шайба кем құраммен гол салған Александр Панченкоға тиесілі.

«Астана» - «Торпедо» 3:5 (1:3, 0:1, 2:1)

0:1 – 04:39 – Попов (Тютюньков Д., Омельковец)

1:1 – 08:34 – Бейсембаев (Пиниди)

1:2 – 15:33 – Попов (Омельковец, Тютюньков Д.)

1:3 – 16:26 – Астраханцев ГМ

1:4 – 37:39 – Панченко (Хан) ГМ

2:4 – 55:34 – Бондарев (Мигунов, Шаяхметов)

3:4 – 59:18 – Китаров (Бондарев)

3:5 – 59:29 – Тютюньков Д.

Қақпашылар: Кудимов (Риттингер, 16:26-60:00) – Осокин

«Алматы» мен «Ақтөбе» итжығыс ойын көрсетті. Командалар кезек-кезек алға шығып отырды. Шешуші қадамды қонақтар жасап, матчты минималды есеп айырмашылығымен аяқтады. Андрей Кураковтың дөп соққысы «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады.

«Алматы» - «Ақтөбе» 4:5 (1:2, 2:0, 1:3)

1:0 – 05:58 – Бахитжанов (Ищенко, Филиппенко)

1:1 – 06:43 – Гулый

1:2 – 10:33 – Кучер (Кураков, Шайкенов) ГБ

2:2 – 21:01 – Филиппенко (Ищенко) ГБ

3:2 – 26:28 – Ищенко (Филиппенко)

3:3 – 49:48 – Шайкенов (Кураков)

3:4 – 53:05 – Кураков (Гулый) ГМ

3:5 – 53:39 – Кураков (Гулый)

4:5 – 58:53 – Фокин (Ищенко)

Қақпашылар: Колесников (Байдек, 12:07-60:00) – Костюков

«Арлан» академиясы мен «Мұнайшының» хоккейшілері бірігіп, 17 нәтижелі шабуыл жасады. Бұл «атыста» сегіздіктегі командаларды өкшелеп қуып келе жатқан көкшетаулықтар дәлірек көздеді.

«Арлан» академиясы - «Мұнайшы» 12:5 (4:1, 5:1, 3:3)

1:0 – 01:57 – Толуспаев (Галлямов)

1:1 – 04:31 – Обухов (Хачатурян)

2:1 – 05:28 – Жмаев (Смолянский, Сапожников)

2:2 – 09:18 – Пименов (Бутенко)

3:2 – 19:49 – Смолянский (Терещенко, Половников)

4:2 – 24:08 – Половников (Смолянский, Терещенко)

5:2 – 24:30 – Кардаков (Жмаев, Галлямов)

6:2 – 31:19 – Гизатулин (Половников, Жмаев)

7:2 – 32:28 – Сапожников (Богапов, Смолянский)

7:3 – 36:36 – Обухов (Бутенко) ГБ

8:3 – 38:03 – Терещенко (Сапожников)

8:4 – 42:10 – Абенов (Пидяшов, Пименов) ГБ

9:4 – 46:48 – Смолянский

10:4 – 50:10 – Половников (Хмеленский)

11:4 – 53:53 – Половников

11:5 – 56:03 – Тагамбаев (Обухов, Мальцев)

12:5 – 59:32 – Гизатулин (Хмеленский)

Қақпашылар: Дударкиев (Прицкер, 40:00-60:00) – Гущин (Герасимов, 40:00-60:00)

Оралдықтар «Барыспен» текетіресте төрт рет артық құрам ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Осының арқасында «Ястребы» балл саны бойынша елордалық ұжымды қуып жетті. Жеңімпаздар құрамынан Игорь Залевский дубль жасап, көзге түсті.

«Ястребы» - «Барыс» 5:1 (2:0, 1:1, 2:0)

1:0 – 10:41 – Васильев (Рахимов) ГБ

2:0 – 19:40 – Залевский (Аманжолов, Некрасов)

3:0 – 32:06 – Залевский (Иванников, Бастаногов)

3:1 – 35:34 – Актаев (Шапоров, Авдеенко)

4:1 – 43:04 – Худайбергенов (Залевский) ГБ

5:1 – 43:56 – Ракишев (Залевский, Аманжолов) ГБ

Қақпашылар: Мейдер – Дубинскас