Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз текетіресінде «Астана» «Горнякқа» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті.
Бірінші кезеңнің ортасындағы Никита Бондаревтің шайбасы кездесудің әрі қарайғы бағытын анықтады. Матчтың нүктесін финалдық ысқырыққа бір секунд қалғанда Александр Мигунов қойды. «Елордалықтардың» қақпашысы Даниил Кудимов қақпаға бағытталған 22 соққының барлығына тойтарыс берді.
«Горняк» - «Астана» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)
0:1 – 09:17 – Бондарев (Бектурганов, Шаяхметов)
0:2 – 59:59 – Мигунов (Пиниди) ГМ
Қақпашылар: Лигай (Митрофанов, 20:00-60:00) – Кудимов