Мұнайшының бесінші жеңілісі, Ястребы командасының Оралдағы алғашқы жеңісі. 17 қарашадағы матчтарға шолу

17 qarasha
1547

"Горняк" нәтижелі матчта «Мұнайшыдан» басым түсті. «Ястребы» «Торпедодан» қарымта қайтарды.

Рудныйда «Горняк» пен «Мұнайшы» барлығы 15 гол салды. Бұл тартыста алаң иелері басым түсті. Олар кездесудің үшінші кезеңіндегі ойынның екінші жартысында жақсы есеп айырмашылығымен алға кетті. Максим Бауэр хет-трик жасады. Осының арқасында «Горняк» төртінші орынға көтерілді. «Мұнайшы» болса, маусым басындағы алты матчтың бесеуінде жеңіліс тапты, қазір лиганың турнир кестесінің ең соңында тұр.

"Горняк" – "Мұнайшы" 9:6 (3:2, 2:1, 4:3)

0:1 – 00:22 – Шкленник (Карпов)

1:1 – 02:33 – Пархоменко (Рожков)

2:1 – 07:35 – Суворов

3:1 – 10:27 – Бауэр ГМ

3:2 – 11:21 – Григорюк (Шкленник, Карпов) ГБ

4:2 – 25:57 – Бауэр (Назаров)

5:2 – 30:03 – Рожков (Утебаев)

5:3 – 32:19 – Гулый (Терещенко)

5:4 – 44:54 – Терещенко (Суслов, Демирделен)

5:5 – 50:20 – Терещенко (Григорюк)

6:5 – 52:34 – Кемайкин (Бауэр, Назаров) ГБ

7:5 – 54:57 – Сертаев (Назаров, Кемайкин)

8:5 – 57:04 – Пархоменко (Утебаев)

8:6 – 59:56 – Гулый (Терещенко, Суслов)

9:6 – 59:57 – Бауэр (Назаров)

Қақпашылар: Скрынников – Костюков (Недодаев, 10:27-60:00)

Оралда «Ястребы» командасы өз алаңындағы алғашқы жеңісіне жетті. Алаң иелері бірінші кезеңді жақсы қарқынмен өткізіп, ойынның ары қарайғы барысын да осы кезең шешті. Финалдық ысқырық Қазақстанның жастар чемпионатына алғаш шыққан команданың кезекті жеңісін тіркеді. Өз командасының барлық гол шабуылдарына қатысып, 5 (1+4) балл жинаған Валерий Ницевичтің ойынын атап өту керек. Қазіргі таңда «Ястребы» турнир кестесінің екінші қатарына шықты.

"Ястребы" – "Торпедо" 5:2 (3:0, 1:1, 1:1)

1:0 – 03:55 – Ницевич (Васин) ГБ

2:0 – 06:52 – Васин (Абил, Ницевич)

3:0 – 11:13 – Абил (Васин, Ницевич) ГБ

3:1 – 30:14 – Тютюньков Д. (Шаймардан, Панченко)

4:1 – 38:41 – Васин (Абил, Ницевич)

4:2 – 42:11 – Тютюньков Д. (Панченко) ГБ

5:2 – 46:22 – Абил (Ницевич)

Қақпашылар: Емельянов – Осокин (Шестаков, 20:00-60:00)