Алматы Құлагермен матчта сенсация жасады. 3 желтоқсандағы матчтарға шолу

3 jeltoqsan
1182

«Барыс-Жас» тағы да «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. «Алматы» мен «Құлагер» ойынды овертайммен аяқтады. «Торпедо» «Ақтөбенің» арынын басты. Көшбасшылар шайқасында тағы да «Барыс» басым болды.

«Барыс-Жас» пен «Мұнайшының» екінші текетіресі де екі айдан астам уақыт бойы жеңіс дәмін татпаған павлодарлық ұжымның ірі жеңілісімен аяқталды. Елордалық команда үздіктер үштігіне ену үшін барын салуда.

«Барыс-Жас» - «Мұнайшы» 13:1 (3:1, 5:0, 5:0)

1:0 – 08:46 – Ситников (Ляпунов)

2:0 – 12:20 – Ляпунов (Жусупбеков, Решетько)

2:1 – 15:02 – Пидяшов (Обухов, Такишев) ГБ

3:1 – 16:52 – Ляпунов (Русланулы)

4:1 – 21:17 – Гросс (Диде, Жусупбеков)

5:1 – 23:10 – Корчагин ШБ

6:1 – 24:18 – Русланулы (Ситников, Ляпунов)

7:1 – 30:14 – Лукавенко (Корчагин, Амырканов)

8:1 – 38:37 – Гросс (Русланулы, Решетько) ГМ

9:1 – 42:28 – Корчагин (Амырканов) ГМ

10:1 – 45:15 – Русланулы (Ситников, Ляпунов)

11:1 – 45:54 – Амырканов (Корчагин, Агланбеков)

12:1 – 47:20 – Жусупбеков (Масен, Ситников)

13:1 – 55:28 – Масен (Шакшакбаев) ГБ

Қақпашылар: Никитин (Денисов, 40:00-60:00) – Гущин

«Алматымен» матчтың ортасына қарай «Құлагер» бес шайба артықшылығымен алда келе жатты. Алайда бұл үстемдік петропавлдық ұжымның жеңіске жетуі үшін жеткіліксіз болды. Алаң иелері есеп айырмашылығын жойып қана қоймай, овертаймда жеңіске жетті. Шешуші соққының авторы – хет-трик жасаған Актан Бахитжанов.

«Алматы» - «Құлагер» 8:7 ОТ (0:2, 3:4, 4:1, 1:0)

0:1 – 00:24 – Белов (Фролов)

0:2 – 01:58 – Букарь (Белов, Фролов)

0:3 – 21:49 – Хальзев (Фёдоров, Сергушкин)

0:4 – 27:36 – Фролов (Ербатыров, Капица) ГБ

0:5 – 30:55 – Капица (Хальзев, Сергушкин)

1:5 – 33:15 – Филиппенко (Ищенко)

2:5 – 33:46 – Дюсембаев (Ищенко, Филиппенко)

2:6 – 37:47 – Капица (Хальзев, Фролов) ГБ

3:6 – 39:46 – Бахитжанов (Игушкин, Ищенко)

4:6 – 47:16 – Игушкин (Бахитжанов, Крицин)

5:6 – 54:52 – Филиппенко (Дюсембаев, Ищенко)

6:6 – 57:15 – Бахитжанов (Игушкин, Бачурин)

6:7 – 57:48 – Фролов (Букарь)

7:7 – 59:31 – Игушкин (Ищенко, Мосин)

8:7 – 62:37 – Бахитжанов (Айдуков, Игушкин)

Қақпашылар: Колесников (Байдек, 37:47-60:00) – Коваль

Ал «торпедолықтардың» «Қыранға» қарсы толыққанды жеңіске жетуі үшін бес шайба жеткілікті болды. Қарағандылықтар кездесудің соңында бойды тіктеп, құрғақ жеңілістен құтылды. Қонақтар құрамынан Данила Омельковец дубль жасап, көзге түсті.

«Қыран» - «Торпедо» 2:5 (0:2, 0:1, 2:2)

0:1 – 18:38 – Алдабергенов (Панченко, Рысбеков)

0:2 – 19:13 – Омельковец (Попов)

0:3 – 24:08 – Омельковец (Масленников)

0:4 – 40:52 – Попов (Масленников)

0:5 – 49:11 – Астафьев (Курсакбаев, Масленников)

1:5 – 53:20 – Симеониди (Ущев, Пономарёв)

2:5 – 57:33 – Еськов (Ущев)

Қақпашылар: Дубович (Пахоленко, 35:00-60:00) – Эрштейн

Чемпионат көшбасшыларының екінші матчы да ұқсас есеппен аяқталды. «Барыс» тағы да минималды есеппен жеңісті жұлып әкетті және турнир кестесінің төбесіндегі өз орнын нығайтты. Жеңіс шайбасының авторы – Александр Фокин.

«Ақтөбе» - «Барыс» 4:5 (2:2, 1:2, 1:1)

0:1 – 00:38 – Телгожаев (Кисель, Актаев)

1:1 – 01:43 – Свириденко (Махамадеев)

1:2 – 05:24 – Яковенко (Фокин)

2:2 – 19:50 – Плотников (Кабашев)

3:2 – 21:45 – Шайкенов (Плотников) ГБ

3:3 – 37:51 – Поленов (Селезнёв, Авдеенко)

3:4 – 39:15 – Кисель (Шапоров, Авдеенко)

3:5 – 47:13 – Фокин (Авдеенко, Поленов) ГБ

4:5 – 53:59 – Гулый (Кураков) ГМ

Қақпашылар: Костюков – Дубинскас