​Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матчта жеңіске жетті

8 jeltoqsan
911

IA дивизионындағы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы Даниядағы «Эсбьерг» қаласының командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Бірінші кезеңнен кейін-ақ есеп 4:0 болып, Александр Истоминнің ойыншылары алға шықты. Кездесудің екінші кезеңінде біздің хоккейшілер тағы екі шайба салды. Нәтижесінде матч Қазақстан жеңісімен аяқталды – 7:1. Жеңімпаздар құрамынан Даниил Цыбин, Иван Гавриленко, Абай Мангисбаев, Всеволод Логвин, Николай Шульга көзге түсті, Станислав Александров дубль рәсімдеді.

«Эсбьерг» ЖХК - Қазақстан 1:7 (0:4, 0:2, 1:1)

Желтоқсанның 8-інен 9-ына қараған түні Қазақстан құрамасы "Оденсе" жастар командасына қарсы екінші бақылау матчын өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да басталады.