«Барыс-Жас» пен «Арлан» академиясының екінші жекпе-жегінде елордалық ұжым басым түсті. «Ақтөбе» «Астанадан» кешегі жеңіліс үшін қарымта қайтарды.
Матчтың ең нәтижелі сәттері екінші кезеңде болып, алаң иелері қарсыласты төрт рет сан соқтырды. Осы жеңісінен кейін Сергей Старыгиннің ойыншылары турнир кестесінде төртінші орынға шықты.
«Барыс-Жас» - «Арлан» 7:4 (2:1, 4:1, 1:2)
1:0 – 05:58 – Корчагин (Агланбеков, Амырканов)
2:0 – 08:35 – Ситников (Гросс, Леута)
2:1 – 10:54 – Смолянский (Алякин, Жмаев)
2:2 – 20:34 – Кардаков
3:2 – 21:55 – Корчагин (Амырканов, Агланбеков)
4:2 – 23:53 – Ляпунов (Ситников, Русланулы)
5:2 – 31:10 – Леута (Диде, Ситников)
6:2 – 33:25 – Масен (Иконников)
6:3 – 41:15 – Алякин (Жмаев)
6:4 – 45:38 – Кардаков (Смолянский, Галлямов)
7:4 – 56:31 – Ляпунов ГМ
Қақпашылар: Истомин (Денисов, 40:00-60:00) – Дударкиев
«Астанамен» екінші кездесуде «Ақтөбе» екінші кезеңді сәтті өткізіп, жеңісті қанжығаға байлады. Жеңіс шайбасының авторы – Илья Серик.
«Ақтөбе» - «Астана» 4:2 (0:1, 2:0, 2:1)
0:1 – 09:20 – Китаров (Бондарев)
1:1 – 26:46 – Цихоцкий (Беляев)
2:1 – 29:14 – Беляев (Плотников) ГБ
3:1 – 44:21 – Серик (Гулый, Комиссаров)
3:2 – 49:44 – Бондарев (Китаров, Оразов) ГБ
4:2 – 50:50 – Гулый (Калиниченко) ГМ
Қақпашылар: Костюков – Кудимов