​Александр Истомин: «Бірінші ойын үшін жаман емес»

13 jeltoqsan
1410

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Александр Истомин ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Венгрияға қарсы өткен ойынды қорытындылады.

Біріншіліктің бірінші матчында біздің «жастар» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

- Жігіттерді, барлығын жеңіспен құттықтаймын. Жарайсыңдар, чемпионаттың ашылуы болғандықтан толқу сезілді. Алайда толқуды жеңе білді, жаман ойнаған жоқ. Біз үшін маңызды жеңіс, ойын барысында бәрі біз ойлағандай болмағанымен, бірінші ойын үшін жаман емес. Бүгін белгілі бір қорытындылар жасап, ертеңге дайындаламыз. Тәртіпті өрескел бұзбағанымызбен, ретсіз аластатулар болды. Бұл біз үшін жақсы сабақ болмақ, келесі ойындарда тәртіпке аса мән береміз.