Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында бірінші жеңіске жетті.
Венгрияға қарсы матчтың үздік ойыншысы ретінде Қазақстан құрамасының қақпашысы Максим Павленко танылды. Ойыннан кейін голкипер өз әсерімен бөлісті.
- Бірінші болып салып, ойынды өз бақылауымызға алғанымыз жақсы болды. Аластатулар ойын өрнегімізді бұзды, кей тұстарда әлсіз болдық, кей тұстарда мықты ойнадық.
- Жылдам салынған шайба қалай ықпал етті?
- Әрине толқу дереу кетті. Сенімділік пайда болды, тынысым кеңейді.
- Жігіттерге рақмет, кем құраммен беріспеді. Соққыларды тежеді, қажет кезде маған көмектесті, мен оларға көмек қылдым. Жай ғана өз жұмысымды орындадым. Бізді көпшілік, бүкіл Қазақстан қолдап отырғанын білемін. Қолдауларыңызға рақмет, оның бізге көмегі зор!
Абай Мангисбаев Венгриямен матчтың бірінші матчында Қазақстан құрамасының алғашқы шайбасын салды. Шабуылшы федерацияның баспасөз қызметімен бірінші жеңісінен алған әсерімен бөлісті:
Көңіл күй керемет, бірінші ауысымда-ақ гол салғанымызға қуаныштымын, осы турнирдегі есепті аштық. Осы әдемі берілген пас үшін әріптестеріме алғыс айтамын. Әрине, алдын ала дайындықтар болды, бапкердің белгілегенін орындадық та, гол салдық. Қарсылас жақсы, кей сәттерде қиын болды, алайда біз жоспарды орындадық, өз ойын өрнегімізден ауытқымадық, оларға мұрша бермедік.
- Алғашқы екі кезеңде аластату көп болды, оның үстіне қатарынан болды. Қалай бойды жидыңдар?
- Үшінші кезеңнің алдында өзіміз болып отырғанда, бапкерлер «жігіттер, жиналыңдар» деді. Айтарлықтай ештеңе болған жоқ, бастысы шайба өткізбедік, беріспедік. Қақпашымыз Максим осы ойынды алып шықты.