​Қазақстан – Норвегия. ЖӘЧ-2022 матчының аңдатпасы

13 jeltoqsan
1159

Қазақстан-Норвегия матчы бірінші дивизионның А тобында жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші күнін ашады.

Бір күн бұрын біздің жастар командасы Венрия командасын 3:1 есебімен жеңді. Норвегтер келесі матчын өткізіп, Латвиядан 2:4 есебімен жеңілді. Қарсыластың бізбен матчқа дейін қалыпқа келуіне бір тәуліктен аз уақыты болды. Басқа матчта Беларусь командасы Данияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді. Бүгін олар Венгриямен ойнаса, Латвия Даниямен кездеседі.

Осылайша, Беларусь, Латвия және Қазақстан командалары турнир кестесінің алғашқы үш қатарына жайғасты, ал Норвегияның, Венгрия мен Данияның әзірге ұпайы жоқ.

Қазақстан – Норвегия кездесуі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18:00-де басталады. Тікелей эфир Insport телеарнасында, сондай-ақ хабар таратушының сайтында қолжетімді.