​Қазақстан – Дания. Матчтың аңдатпасы

15 jeltoqsan
1034

Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатының IA дивизионындағы өзінің үшінші матчын өткізеді. Қарсылас – Дания командасы.

Біздің хоккейшілер екі матч өткізді: біріншісінде Венгрияны жеңсе, екіншісінде Норвегияға жол берді. Ал турнир өтіп жатқан алаң иелері екі ойыннан кейін қоржынына бірде бір жеңіс салмады: Беларусьтен ойсырай жеңілді, сондай-ақ тартысты ойында бір шайба кем салып, Латвияға есе жіберді. Турнир қатысушыларының барлығы кешегі күн демалды. Бүгінгі кесте бойынша да үш ойын күтіп тұр, Қазақстан мен Дания арасындағы матч ең соңғысы. Оған дейін Латия Беларусьпен, Дания Норвегиямен кездеседі.

Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 01:00-де басталады, көрсетілім Insport сайтында, сондай-ақ онлайн форматта қолжетімді.