Константин Морожников пен Николай Шульга. Даниямен матчтан кейінгі пікірлер

16 jeltoqsan
1651

Данияға қарсы матчтың үздік ойыншысы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Константин Морожников болды.

Форвард дубль жасап, жеңіс шайбасының авторы атанды. Матчтан кейінгі әсерімен ойыншы ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында бөлісті.

- Біздің барлық қарсыластарымыз мығым, кіммен ойнасаң да бәрібір. Кеудедегі герб үшін, ел үшін барымызды саламыз. Өз голдарымызға қатысты айтсақ, бәрі оңынан болды, командаластар көмектесті. Жеңгенімізге қуаныштымыз, жанкүйерлерімізді, отбасыларымызды қуанттық деп үміттенем. Ата-анама, туған-туысқа, сүйіктіме алғыс айтамын. Командам мен жігіттерге рақмет айтамын, бүгін барлығы жақсы ойнады. Барша қазақстандықты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Біз еліміз үшін, сіздер үшін ойнадық.

Николай Шульга Даниямен матчта гол салатын пас беріп, өзі де гол салды. Шабуылшы өткен ойынды ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында қорытындылады.

- Өте жақсы ойын, бапкердің нұсқауын орындадық, белсенді ойнауға тырыстық. Нұсқаудың 80 пайызын орындадық, қажетсіз аластатулар болды. Нәтиже таблода. Әрдайым жеңеміз деп шығамыз, қазір демаламыз. Жеңісімді бірінші кезекте отбасыма, бүкіл Қазақстанға, командаға, бізге жанкүйер болған барша қауымға арнаймын. Ыстық сәлем жолдаймын. Қазақстан, Тәуелсіздік күні құтты болсын!