​Беларусь – Қазақстан. Ойын күнінің аңдатпасы

16 jeltoqsan
744

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты аясындағы өзінің төртінші матчын Қазақстан құрамасы турнир кестесінің көшбасшысы – Беларусь командасына қарсы ойнайды.

Осы матчта командамыздың топ-дивизиондағы тағдыры шешілуі мүмкін. Дания мен Венгрияны ірі есеппен жеңген, Латвияны бір шайба айырмашылығымен жеңген, сондай-ақ 19 шайба салып үлгерген қарсылас әзірге жеңіліссіз келеді. Біздің команданың қоржынында екі жеңіс пен бір жеңіліс бар. Александр Истоминнің ойыншыларына алдағы ойын алдында қалыпқа келуге бір тәуліктен аз уақыт бұйырды.

Беларусь – Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:30-да басталады. Тікелей көрсетілімді Insport телеарнасынан, сондай-ақ сілтеме арқылы көріңіздер: