​Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңілді

16 jeltoqsan
1002

IA дивизионының жастар арасындағы әлем чемпионаты аясындағы өзінің төртінші матчын Қазақстан құрамасы Беларусь командасына қарсы өткізді.

Қарсылас ойынның бастапқы кезеңінде екі шайба салды, көп ұзамай, біздің хоккейшілер Даниил Цыбиннің арқасында бір гол салды. Екінші кезеңде беларустар тағы да алға шықты, Егор Чезганов дубль жасады. Біздің команда тағы да қуып жетуге тырысып, екінші кезеңнің аяқталуына 3 минут қалғанда, Константин Морожников Қазақстан құрамасының екінші шайбасын салды. Алайда қарсылас үшінші кезеңде үстемдігін арттырды. Есеп – 4:2.

Беларусь – Қазақстан – 4:2 (2:1, 1:1, 1:0)

1:0 – 05:13 – Кузнецов (Суворов, Чезганов) ГБ

2:0 – 08:15 – Чезганов (Демченко, Пальчик)

2:1 – 10:53 – Цыбин (Шульга)

3:1 – 23:39 – Чезганов (Пальчик, Демченко)

3:2 – 36:44 – Морожников (Шульга)

4:2 – 42:29 – Сидоров (Чезганов, Клавдиев)

Қақпашылар: Колосов – Павленко

Жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытынды матчын Қазақстан құрамасы Латвия командасына қарсы желтоқсанның 18-інен 19-ына қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 01:00-де өткізеді.