«Мұнайшы» мен «Қыранның» арасындағы бірінші жекпе-жекте қарағандылық ұжым жеңіске жетті. «Ақтөбе» «Алматының» арынын басты.
Қонақтар екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жетістікке жетті. Оның барысында «Қыран» ойыншылары қарсыласты үш рет сан соқтырды. Нәтижесінде павлодарлықтар ес жия алмай, кезекті рет жеңіліске ұшырады. Жеңімпаздар құрамынан Григорий Степанов дубль жасады.
«Мұнайшы» - «Қыран» 2:7 (2:2, 0:3, 0:2)
1:0 – 11:43 – Щенов (Маткабыл)
1:1 – 13:10 – Белоус (Терехов)
1:2 – 13:31 – Степанов (Терехов, Денисов)
2:2 – 19:59 – Маткабыл ГБ
2:3 – 22:59 – Ущев (Трибунский, Корягин)
2:4 – 24:00 – Свинтальский (Медведков, Сторчай)
2:5 – 24:14 – Катков (Симеониди, Свинтальский)
2:6 – 43:00 – Бодиков (Катков, Ермаков)
2:7 – 44:31 – Степанов (Денисов, Белоус) ГМ
Қақпашылар: Гущин – Селивёрстов
Оңтүстікастаналық ұжым бірінші кезеңді тәуір өткізіп, есеп бойынша алға шықты. Алайда екінші кезеңде алаң иелері қозғалысты үдетіп, нәтижесінде жеңіске жете алды. Қарсыласты екі рет Владислав Плотников сан соқтырды.
«Ақтөбе» - «Алматы» 4:1 (0:1, 3:0, 1:0)
0:1 – 11:33 – Сайко (Дюсембаев, Фокин)
1:1 – 21:06 – Плотников (Исаканов, Кураков)
2:1 – 28:11 – Плотников (Ибраев, Гулый)
3:1 – 35:08 – Кураков (Беляев) ГБ
4:1 – 57:09 – Беляев (Эрфурт, Плотников)
Қақпашылар: Костюков – Колесников