Павлодардағы сойқан, Ақтөбедегі қарымта

26 jeltoqsan
801

«Қыран» екінші текетіресте «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. «Алматы» «Ақтөбеден» үш балмен қайтты.

«Қыран» «Мұнайшымен» матчтың бірінші минутында-ақ қарсыласты екі рет сан соқтырып, тамаша есеп айырмашылығын орнатты. Әрі қарай қарағандылық ұжымның үстемдігі артып, есеп бойынша қарсыласты шаң қаптырды. «Қыран» күнтізбелік жылды Лиганың турнир кестесіндегі алтыншы орында аяқтайды.

«Мұнайшы» - «Қыран» 1:14 (1:5, 0:6, 0:3)

0:1 – 00:26 – Симеониди (Свинтальский, Медведков)

0:2 – 00:51 – Белоус (Денисов, Степанов)

0:3 – 06:39 – Симеониди (Сторчай, Свинтальский)

0:4 – 07:23 – Медведков (Свинтальский, Сторчай)

0:5 – 12:50 – Денисов (Белоус, Степанов) ГБ

1:5 – 13:48 – Пидяшов (Пименов, Абенов)

1:6 – 21:41 – Ущев (Трибунский)

1:7 – 23:58 – Пономарёв (Свинтальский, Медведков) ГБ

1:8 – 27:16 – Бодиков (Катков) ГМ

1:9 – 34:18 – Пономарёв (Симеониди) ГБ

1:10 – 34:48 – Белоус (Терехов)

1:11 – 39:15 – Белоус (Степанов, Денисов)

1:12 – 42:38 – Свинтальский (Медведков) ГМ

1:13 – 48:06 – Симеониди (Медведков, Свинтальский)

1:14 – 48:44 – Ущев (Корягин, Еськов)

Қақпашылар: Гущин – Дубович (Селивёрстов, 40:00-60:00)

«Ақтөбе» мен «Алматының» екінші жекпе-жегінде оңтүстікастаналық ойыншылар дәлірек көздеді. Екінші кезеңдегі қонақтардың серпілісі шешуші болып, алматылықтар екі рет кем құраммен гол сала білді.

«Ақтөбе» - «Алматы» 3:6 (2:0, 1:4, 0:2)

1:0 – 02:36 – Жакан (Калиниченко, Махамадеев)

2:0 – 11:20 – Цихоцкий (Калиниченко, Жакан) ГБ

2:1 – 30:21 – Филиппенко (Сайко) ГМ

2:2 – 31:41 – Бачурин (Бахитжанов) ГМ

2:3 – 33:15 – Игушкин (Бахитжанов)

3:3 – 36:41 – Махамадеев

3:4 – 37:25 – Бачурин (Дюсембаев, Игушкин)

3:5 – 44:35 – Филиппенко (Сайко, Бахитжанов)

3:6 – 57:06 – Сайко

Қақпашылар: Костюков – Байдек