Хоккейден Қазақстан чемпионаттары тоқтатылды

7 qańtar
875

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты хоккейден барлық ел чемпионаттарын өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Елде жағдай тұрақталып, ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін Jastar және Pro Ligasy аясындағы матчтар қайта жалғасады. Нақты мерзімдер жөнінде қосымша хабарланады.