Арлан академиясына Ақтөбемен матчтарда техникалық жеңіліс есептелді

20 qańtar
1385

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Арлан» және «Ақтөбе» командалары арасында Көкшетауда 24 және 25 қаңтарда өтуі тиіс болған Қазақстан жастар чемпионаты матчтарының өтпейтіні туралы хабарлайды.

Көкшетаулық «Бурабай» Спорт сарайындағы мұзайдынның дайын еместігіне, сондай-ақ кездесулерді кейінге қалдыру мүмкіндігінің жоқтығына байланысты «Арлан академиясы» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы матчтар өтпейді. Қабылдаушы тарапқа 5:0 есебімен техникалық жеңіліс есептелді.