Панченконың покері және фавориттердің сенімді жеңістері. 24 қаңтардағы матчтарға шолу

24 qańtar
1378

Нұр-Сұлтан мен Петропавлда Қазақстан жастар чемпионатындағы мәжбүрлі үзілістен кейінгі алғашқы матчтар өтті. «Барыс» «Горнякты» сенімді түрде жеңді. «Құлагер» үшінші кезеңде сүрініп, «Торпедоға» жол берді.

Турнир кестесінің аралық көшбасшысы «Барыс» бұған дейін кубоктік сегіздіктен өзіне мызғымайтын орын дайындады. Бүгін Александр Березенскийдің командасы рудныйлық қарсыластарын тырп еткізбеді. «Горняк» екінші кезеңде белсене түсті, алайда бұл ұмтылысы ұпай жинауға жеткіліксіз болды. Жеңімпаздар құрамынан екі реттен қарсыласты Данил Талдыкин мен Алайдар Актаев састырды.

«Барыс» - «Горняк» 7:2 (2:0, 3:2, 2:0)

1:0 – 17:21 – Базько (Муканов, Фокин) ГБ

2:0 – 19:09 – Талдыкин (Телгожаев, Шапоров)

2:1 – 21:15 – Буб (Ишин, Пархоменко)

3:1 – 25:53 – Шапоров (Сапарбек)

4:1 – 32:31 – Бейсембиев (Сапарбек, Фокин) ГБ

4:2 – 33:12 – Жабаровский (Пархоменко, Ишин) ГБ

5:2 – 35:52 – Актаев (Кисель)

6:2 – 42:32 – Актаев (Шапоров, Талдыкин) ГБ

7:2 – 48:33 – Талдыкин

Қақпашылар: Дубинскас – Лигай

«Торпедомен» жекпе-жектің екінші кезеңінің соңғы минуты өткенше «Құлагер» өзін сенімді сезінді. Алайда үшінші кезеңде петропавлдықтар қалжырағанын түсінді. Қонақтар кезең бойы қарсыласты төрт рет састырып, кезекті жеңісіне жетті, осылайша үшінші орынға көтерілді. Соңғы нүктені өскемендіктердің шабуыл шебіндегі көшбасшылардың бірі Александр Панченко қойып, покер жасады.

«Құлагер» - «Торпедо» 3:6 (1:1, 2:1, 0:4)

0:1 – 05:22 – Панченко (Стальмаков, Дьяченко)

1:1 – 15:03 – Выговский (Хальзев, Заруцкий)

2:1 – 28:05 – Соляник (Хальзев, Фролов) ГБ

3:1 – 34:20 – Выговский (Фролов, Заруцкий)

3:2 – 39:15 – Панченко ГМ

3:3 – 45:43 – Панченко (Тютюньков Д., Стальмаков) ГБ

3:4 – 50:03 – Тютюньков (Омельковец, Панченко) ГБ

3:5 – 58:45 – Алдабергеров (Тютюньков Д., Стальмаков) ГМ

3:6 – 59:20 – Панченко (Омельковец, Алдабергенов)

Қақпашылар: Коваль – Классен