Барыстың құрғақ жеңісі, Петропавлдағы қарымта. 25 қаңтардағы матчтарға шолу

25 qańtar
1480

«Горняк» «Барыстың» қақпасын ала алмады. «Құлагер» «Торпедодан» қарымта қайтарды.

«Барыс» пен «Горняк» арасындағы екінші текетірес те елордалық ұжымның пайдасына шешіліп, «барыстықтар» қақпасына шайба жуытпады. Санжар Түсіпбеков қарсыласты екі рет састырды. Голкипер Дармен Габдуллин өз қоржынына құрғақ матчты жазды.

«Барыс» - «Горняк» 6:0 (1:0, 3:0, 2:0)

1:0 – 14:55 – Кисель (Телгожаев, Талдыкин)

2:0 – 21:23 – Бейсембиев (Фокин)

3:0 – 26:56 – Тусупбеков (Бейсембиев, Уразгалиев) ГБ

4:0 – 30:14 – Шапоров (Актаев, Талдыкин)

5:0 – 45:38 – Тусупбеков (Уразгалиев) ГБ

6:0 – 53:38 – Базько (Авдеенко, Муканов)

Қақпашылар: Габдуллин – Митрофанов

Екінші матчта «Құлагер» дегенмен «Торпедоның» арынын басты. Осы жеңісінің арқасында петропавлдық ұжым әлі де плей-оффтан үміттілер арасында қалып отыр. Кездесудің басты қаһарманы дубль жасаған Роман Заруцкий болды.

«Құлагер» - «Торпедо» 3:2 (2:1, 0:1, 1:0)

1:0 – 06:21 – Заруцкий (Горбань)

2:0 – 11:16 – Капица (Белов, Фролов)

2:1 – 12:36 – Масленников (Омельковец)

2:2 – 37:57 – Алдабергенов

3:2 – 50:52 – Заруцкий (Горбань)

Қақпашылар: Коваль – Классен