Қыран Барыстың жеңіс легін тоқтатты. 27 қаңтардағы матчтарға шолу

27 qańtar
855

«Ястребы» «Астанадан» қарымта қайтарды. «Барыс» түзде «Қыранға» жол берді және тоғыз матчтық жеңістер легін үзді. «Алматы» «Барыс-Жастан» басым түсті.

«Астана» «Ястребы» командасымен кездесу барысында төрт шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарып, таң-тамаша етті. Алайда бұл серпіліс «елордалықтардың» көп күшін алып кетті. Сол себепті де оралдықтар қарсыластарын тықсыртып, үш балл алды.

«Астана» - «Ястребы» 4:6 (0:2, 3:2, 1:2)

0:1 – 08:37 – Аухадеев (Некрасов)

0:2 – 09:28 – Алдамжаров (Акпирганов, Бастаногов)

0:3 – 21:46 – Смолянский (Залевский, Худайбергенов) ГБ

0:4 – 28:33 – Залевский (Ракишев, Рахимов) ГБ

1:4 – 28:55 – Жумабай

2:4 – 30:04 – Бектурганов (Шаяхметов, Китаров)

3:4 – 33:19 – Бектурганов (Китаров, Шаяхметов)

4:4 – 48:27 – Мигунов (Оразов)

4:5 – 51:19 – Аухадеев (Худайбергенов, Залевский) ГБ

4:6 – 52:39 – Джунусов (Сауриков)

Қақпашылар: Риттингер (Кудимов, 28:55-60:00) – Осипов

«Барыс» өткен жылдың 29 қаңтарынан бері жеңілмей келген. Және елордалық ұжымның жеңіс легі Қарағандыда үзілді. «Қыран» қорғаныста мығым ойнап, турнир кестесінде алтыншы орынға табан тіреді. Жеңіс шайбасын Игорь Пономарёв салды.

«Қыран» - «Барыс» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)

1:0 – 09:30 – Булавчук (Медведков, Корягин) ГБ

1:1 – 22:49 – Кисель (Актаев)

2:1 – 38:48 – Пономарёв ГБ

3:1 – 57:39 – Трибунский (Булавчук)

Қақпашылар: Коваль – Шестаков

Алматылықтар екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, нәтижесінде «Барыс-Жастың» арынын басты. Елордалық ұжым есе қайтаруға таяды, алайда алаң иелері дегенмен бес бермеді. Шешуші шайбаның авторы – дубль жасаған Станислав Филиппенко.

«Алматы» - «Барыс-Жас» 6:5 (1:2, 4:0, 1:3)

0:1 – 04:05 – Шакшакбаев

0:2 – 04:59 – Симонов (Ляпунов, Жусупбеков)

1:2 – 18:15 – Ищенко ГБ

2:2 – 22:15 – Филиппенко

3:2 – 22:38 – Бауэр (Кайрат, Игушкин)

4:2 – 24:39 – Бахитжанов

5:2 – 24:58 – Ищенко

5:3 – 44:32 – Ляпунов (Жусупбеков) ГМ

6:3 – 48:20 – Филиппенко (Фокин, Ищенко)

6:4 – 51:44 – Симонов (Жусупбеков, Кошевник)

6:5 – 58:06 – Гросс (Леута, Ситников)

Қақпашылар: Колесников – Никитин (Истомин, 24:58-60:00)