Горняк пен Барыстың жеңісі

28 qańtar
771

«Горняк» «Құлагерді» жеңу үшін біршама тер төкті. «Барыс» нәтижелі тартыста «Қыраннан» қарымта қайтарды.

«Горняк» пен «Құлагердің» текетіресінде ең қызықты сәттер бірінші кезеңде-ақ орын алды. Қонақтар есе қайтаруға қанша тырысқанымен, алаң иелері есеп бойынша минималды айырмашылықпен алға шықты және үш балды қанжығаға байлады. Жеңіс шайбасы Владислав Лопуховқа тиесілі.

«Горняк» - «Құлагер» 2:1 (2:1, 0:0, 0:0)

1:0 – 01:24 – Кемайкин (Алиев)

1:1 – 02:36 – Фролов

2:1 – 10:21 – Лопухов (Руслан, Буб)

Қақпашылар: Лигай – Коваль

«Қыран» мен «Барыс» бірігіп, 12 нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Бүгін елордалық хоккейшілер дәлірек көздеп, қорытынды кезеңде шешуші қадамдарды жасады. Жеңімпаздар құрамынан Никита Селезнёв пен Алмаз Муканов дубль жасады.

«Қыран» - «Барыс» 5:7 (1:1, 2:1, 2:5)

1:0 – 01:36 – Белоус

1:1 – 11:13 – Селезнёв

1:2 – 24:09 – Селезнёв (Бейсембиев)

2:2 – 39:04 – Ущев (Совет, Пономарёв)

3:2 – 39:59 – Булавчук (Белоус, Корягин) ГБ

3:3 – 40:46 – Поленов (Селезнёв)

3:4 – 42:36 – Тусупбеков (Поленов, Уразгалиев)

4:4 – 47:19 – Белоус (Медведков)

4:5 – 51:26 – Актаев (Кисель, Муканов)

4:6 – 53:15 – Муканов (Талдыкин, Кисель)

5:6 – 54:16 – Белоус (Жабунин, Пономарёв)

5:7 – 59:04 – Муканов ГМ

Қақпашылар: Дубович (Пахоленко, 53:15-60:00) - Габдуллин