Құлагер Горняктан қарымта қайтарды

29 qańtar
1546

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз кездесуінде «Құлагер» «Горнякты» жеңіп кетті.

Петропавлдықтар бар күшін қорытынды кезеңге сақтап, үш нәтижелі шабуыл жасап, қарсыластың арынын басты. Никита Емельянов дубль жасады. «Құлагер» кубоктік сегіздікпен арадағы айырмашылықты 10 балға дейін азайтты.

«Горняк» - «Құлагер» 1:3 (1:0, 0:0, 0:3)

1:0 – 09:44 – Волобуев (Алиев)

1:1 – 41:26 – Емельянов (Хальзев, Абб)

1:2 – 49:11 – Кузьмин (Фролов)

1:3 – 52:36 – Емельянов (Горбань, Блудов)

Қақпашылар: Митрофанов (Лигай, 52:36-60:00) – Коваль