Жігерлі Ястребы мен тегеурінді Қыран. 30 қаңтардағы матчтарға шолу

30 qańtar
1226

«Торпедо» мен «Барыс-Жас» жеңімпазды матчтың негізгі уақытынан тыс уақытта анықтады. «Қыран» үшінші кезеңде «Арланмен» ойынның барысын өзгертті. «Ястребы» үшінші кезеңнің аяқталуына төрт секунд қалғанда есесін қайтарды.

«Торпедо» «Барыс-Жаспен» текетіресте есеп бойынша басымдылығын сақтай алмады. Елордалық ұжым үшінші кезеңнің соңын жақсы өткізіп, буллитке жетті және екі ұпайды қоржынға салды. Шешуші соққының авторы – Асанәлі Русланұлы.

«Торпедо» - «Барыс-Жас» 3:4 Б (2:0, 0:1, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 – 01:31 – Панченко (Тютюньков Я., Стальмаков)

2:0 – 18:30 – Каранов

2:1 – 26:49 – Ляпунов (Симонов, Русланулы) ГБ

3:1 – 45:02 – Тютюньков Д. (Омельковец)

3:2 – 51:28 – Корчагин

3:3 – 56:21 – Гросс

3:4 – 65:00 – Русланулы

Қақпашылар: Осокин – Истомин

Қарағандылықтар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, оның барысында «Арланның» қақпасына бес шайба аттандырды. Қонақтар мұндай соққыдан кейін ес жия алмай, кездесу «Қыранның» сенімді жеңісімен аяқталды.

«Қыран» - «Арлан» 6:3 (0:1, 1:1, 5:1)

0:1 – 05:15 – Галлямов (Филатов, Козынец)

1:1 – 27:25 – Катков (Жабунин)

1:2 – 33:49 – Кардаков (Жмаев, Сапожников)

2:2 – 45:45 – Медведков (Трибунский, Булавчук)

3:2 – 47:02 – Белоус (Терехов, Булавчук)

4:2 – 47:44 – Пономарёв (Терехов, Белоус)

5:2 – 51:01 – Булавчук

5:3 – 55:00 – Терещенко (Галлямов)

6:3 – 58:34 – Корягин (Жабунин, Свинтальский) ГБ

Қақпашылар: Пахоленко – Дударкиев (Прицкер, 53:10-60:00)

«Ястребы» командасымен матчтың үшінші кезеңінің ортасына қарай «Алматы» жағдайды бақылауда ұстап, екі шайба алда келе жатты. Алайда оралдықтар ойынға кірісіп, ойын аяқталуға төрт секунд қалғанда есеп теңестірді. Овертаймға көтеріңкі көңіл күймен шыққан қонақтар қызықты әрі тартысты текетіресте жеңіске жетті. Шешуші шайба Леонтий Иванниковтің қоржынында.

«Алматы» - «Ястребы» 5:6 ОТ (1:2, 3:0, 1:3, 0:1)

0:1 – 01:40 – Рахимов (Худайбергенов)

1:1 – 05:54 – Филиппенко (Ищенко)

1:2 – 11:40 – Смолянский (Худайбергенов, Ракишев)

2:2 – 21:30 – Игушкин (Филиппенко, Ищенко)

3:2 – 27:26 – Ищенко (Филиппенко) ГБ

4:2 – 27:56 – Бауэр (Игушкин, Бахитжанов)

4:3 – 48:46 – Смолянский (Рахимов)

4:4 – 52:36 – Аухадеев (Некрасов)

5:4 – 58:25 – Филиппенко (Ищенко)

5:5 – 59:56 – Залевский (Некрасов, Аухадеев)

5:6 – 64:32 – Иванников (Залевский)

Қақпашылар: Колесников – Осипов (Мейдер, 27:26-60:00)