Өскемендегі қарымта. 31 қаңтардағы матчтарға шолу

31 qańtar
1208

«Торпедо» «Барыс-Жастан» қарымта қайтарды. «Қыран» тағы да «Арланнан» басым түсті. «Алматы» «Ястребы» командасына қарсы жеңістен кейін кубоктік сегіздікте бекіді. «Ақтөбе» тартысты жекпе-жекте «Мұнайшының» арынын басты.

«Торпедо» мен «Барыс-Жастың» екінші матчы өскемендік хоккейшілердің пайдасына шешілді. Кездесудің басты қаһарманы – дубль жасаған шабуылшы Диас Тютюньков.

«Торпедо» - «Барыс-Жас» 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

1:0 – 22:34 – Тютюньков Д.

1:1 – 36:36 – Ситников (Манаш)

2:1 – 59:17 – Рифель (Тютюньков Д.)

3:1 – 59:58 – Тютюньков Д. ГБ

Қақпашылар: Классен – Никитин

«Қыран» мен «Арланның» екінші текетіресінде 55-ші минутқа дейін итжығыс ойын болды. Алайда осыдан кейін алаң иелері серпіліс жасап, үш балл жинады. Оскар Булавчук көкшетаулық қарсыластарын екі рет састырды. Бұл қарағандылықтардың соңғы бес ойындағы төртінші жеңісі болды.

«Қыран» - «Арлан» 7:4 (0:1, 3:2, 4:1)

0:1 – 19:16 – Кардаков ГМ

1:1 – 25:23 – Терехов (Белоус, Булавчук)

1:2 – 28:00 – Жмаев (Кардаков, Галлямов)

2:2 – 31:35 – Трибунский (Ущев, Степанов)

3:2 – 31:54 – Симеониди (Шиманович)

3:3 – 38:03 – Филатов (Алякин, Терещенко) ГБ

4:3 – 50:55 – Жабунин

4:4 – 53:15 – Кардаков (Жмаев)

5:4 – 53:57 – Корягин (Жабунин, Сторчай)

6:4 – 56:47 – Булавчук (Белоус)

7:4 – 59:59 – Булавчук (Ущев, Совет) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов – Дударкиев

«Алматының» хоккейшілері «Ястребы» командасымен текетіресте бар күшін басына салып, бұл амал нәтиже берді. Оралдықтар есе қайтаруға жақын қалды. Алайда алаң иелері ойын аяқталғанша арадағы есеп айырмашылығын сақтады. Жеңіс шайбасы дубль жасаған Максим Бауэрдің қанжығасында.

«Алматы» - «Ястребы» 4:3 (3:0, 1:3, 0:0)

1:0 – 06:22 – Сайко (Ищенко) ГБ

2:0 – 11:10 – Бауэр (Бахитжанов, Игушкин)

3:0 – 11:48 – Бачурин (Ищенко, Сайко)

3:1 – 21:46 – Ракишев (Смолянский)

4:1 – 29:18 – Бауэр (Мосин) ГБ

4:2 – 33:09 – Худайбергенов (Аухадеев)

4:3 – 38:50 – Жилин (Акпирганов)

Қақпашылар: Байдек – Мейдер

«Ақтөбе» тартысты ойында «Мұнайшының» арынын басты. Алаң иелеріне жеңісті ойын бітуге алты жарым минут қалғанда хет-трик жасаған Андрей Кураковтың дөп соққысы сыйлады.

«Ақтобе» - «Мұнайшы» 5:4 (2:1, 1:2, 2:1)

1:0 – 07:54 – Кураков (Эрфурт) ГМ

1:1 – 10:41 – Маткабыл ГБ

2:1 – 15:06 – Гулый (Кабашев)

2:2 – 31:20 – Щенов

2:3 – 33:34 – Бутенко (Щенов) ГБ

3:3 – 38:40 – Кабашев (Комиссаров, Кураков) ГБ

3:4 – 39:57 – Маткабыл (Обухов, Анцельм)

4:4 – 44:35 – Кураков (Шайкенов, Кабашев)

5:4 – 53:37 – Кураков (Серик)

Қақпашылар: Раков (Костюков, 31:20-60:00) – Гущин