Дмитрий Васильев 4 матчтан шеттетілді

1 aqpan
1928

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Алматы» - «Ястребы» (31.01.2022) матчының алдында орын алған жағдаят бойынша шешім қабылдады.

Трибуна астындағы бөлмеде «Ястребы» командасының ойыншысы Дмитрий Васильевтің тарапынан «Алматы» командасының ойыншысы Станислав Филиппенкоға қарсы бұзақылық қимылдар жасалды.

Бейнебақылау камераларынан инциденттің бейнежазбаларын қарап, команда өкілдерінің түсіндірмелерін назарға алып, Чемпионат регламентіне сәйкес келесідей шешімдер қабылданды:

  • 1) «Ястребы» хоккей клубына тиісті тармақ бойынша ақшалай айыппұл салынсын;
  • 2) Дмитрий Васильев ойын алаңынан тыс төбелеске қатысқан хоккейші ретінде 4 матчтан шеттетілсін. Мұндай іс-қимылдар қайталанған жағдайда, ойыншыны ҚХФ аясында өткізілетін матчтардан шеттету туралы мәселе қарастырылады.