Jastar Ligasy плей-оффының матчтары үш жеңіске дейін өтетін болады

2 aqpan
1016

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі Қазақстан жастар чемпионатының плей-офф кезеңі форматындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Тұрақты чемпионаттың өту мерзімдеріндегі өзгерістерге, сонымен қатар ҚР жасөспірімдер құрамасының 11 және 17 сәуір аралығында Словакиядағы әлем чемпионатына қатысуына байланысты Jastar Ligasy плей-офф аясындағы барлық сериялар командалардың біреуінің үш жеңісіне дейін өткізіледі.