«Ястребы» ХК-ға ақшалай айыппұл салынды

9 aqpan
1418

8 ақпан күні Орал қаласында Қазақстан жастар чемпионатының «Ястребы» және «Ақтөбе» командалары арасындағы матчы кезінде трибунада ойнайтын командалардың жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды.

Қабылдаушы Тарап үй матчын өткізу кезінде спорттық ғимаратта ішкі істер органдары өкілдерінің қажетті санының болуын, сонымен қатар матчтың өту қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды білдіретін Регламент тармағын бұзды.

Осыған байланысты «Ястребы» ХК-ға ақшалай айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Ережені қайта бұзған жағдайда, ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу бөлімі аталмыш спорт ғимаратында чемпионат матчтарын өткізуге тыйым салуға құқылы.