Ястребы екінші орынға табан тіреді. 9 ақпандағы матчтарға шолу

9 aqpan
880

«Құлагер» «Мұнайшымен» текетіресте алты балл иеленді. «Ақтөбе» Оралдан құр қол қайтты.

«Құлагер» «Мұнайшымен» екінші жекпе-жекте те өзін аса сенімді сезінді. Ойын бітуге бірнеше секунд қалғанда, қонақтар құрғақ жеңілістен құтылды. Алаң иелері қатарынан үшінші жеңіске жетіп, енді плей-оффтан оны бес балл бөліп тұр.

«Құлагер» - «Мұнайшы» 3:1 (2:0, 1:0, 0:1)

1:0 – 03:06 – Капица (Фролов) ГБ

2:0 – 18:25 – Минкин (Кузьмин, Фролов) ГБ

3:0 – 21:03 – Фролов (Кузьмин) ГМ

3:1 – 59:34 – Обухов (Демирделен, Щенов)

Қақпашылар: Коваль – Рудковский

«Ястребы» «Ақтөбені» минималды есеп айырмашылығымен жеңіп, турнир кестесінің тоғызыншы орнына бекіді. Жеңіс шайбасының авторы – Даниил Некрасов. Алаң иелерінің қақпашысы Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді.

«Ястребы» - «Ақтөбе» 2:1 (1:0, 0:0, 1:1)

1:0 – 07:32 – Камиден (Смолянский, Ракишев)

2:0 – 49:22 – Некрасов (Залевский, Аманжолов)

2:1 – 51:48 – Ибраев (Гулый)

Қақпашылар: Мейдер – Костюков