Барыс-Жас екінші орынға шықты. 13 ақпандағы матчтарға шолу

13 aqpan
1192

«Торпедо» «Мұнайшыны» жеңді. «Барыс-Жас» «Горнякты» ойсырата жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға шықты. «Құлагер» Қарағандыдан алты ұпаймен қайтты.

Қонақтар бірінші кезеңде-ақ павлодарлықтарды үш рет састырды. Бұл серпіліс кездесудің әрі қарайғы тағдырын шешті. Алаң иелері құрғақ жеңілістен құтылды, алайда бұл матчта ұпай жинай алмады. Жеңімпаздар құрамынан Эрик Алдабергенов дубль жасады.

«Мұнайшы» - «Торпедо» 1:4 (0:3, 1:0, 0:1)

0:1 – 02:23 – Якубджанов (Астраханцев, Базанов)

0:2 – 09:17 – Алдабергенов (Омельковец)

0:3 – 17:50 – Астраханцев (Бойцов)

1:3 – 27:37 – Обухов (Пименов, Маткабыл)

1:4 – 47:02 – Алдабергенов (Тютюньков Д., Панченко)

Қақпашылар: Гущин – Эрштейн

Сергей Старыгиннің ойыншылары «Горнякты» екінші рет сенімді түрде жеңді, осылайша елордалық ұжым Лиганың турнир кестесінде аралық екінші орынға шықты. Владимир Корчагин покердің авторы атанды, Кирилл Ляпунов үш рет көзге түсті.

«Барыс-Жас» - «Горняк» 8:0 (4:0, 4:0, 0:0)

1:0 – 00:30 – Ляпунов (Симонов)

2:0 – 06:50 – Корчагин (Левковец)

3:0 – 14:41 – Корчагин (Левковец) ГМ

4:0 – 18:15 – Гросс (Ситников, Диде)

5:0 – 20:22 – Ляпунов ГМ

6:0 – 25:33 – Ляпунов (Симонов) ГМ

7:0 – 27:07 – Корчагин ГБ

8:0 – 32:06 – Корчагин ГБ

Қақпашылар: Истомин – Митрофанов (Лигай, 14:41-60:00)

«Құлагер» екінші текетіресте де «Қыранның» арынын басты. Жеңіс соққысының авторы – Роман Заруцкий. Қарағандыдағы екі жеңісінің арқасында петропавлдықтар ұзақ уақыттан бері плей-офф аймағына оралып отыр.

«Қыран» - «Құлагер» 3:4 (2:1, 0:2, 1:1)

1:0 – 05:06 – Медведков (Пономарёв, Алламов) ГБ

1:1 – 08:57 – Сергушкин ГМ

2:1 – 19:20 – Еськов (Соловьёв, Ущев)

2:2 – 21:19 – Минкин (Фролов) ГБ

2:3 – 39:45 – Сергушкин (Фролов)

2:4 – 44:09 – Заруцкий

3:4 – 45:06 – Булавчук (Трибунский, Симеониди)

Қақпашылар: Пахоленко – Коваль