Астана үшін маңызды жеңіс, Торпедо үздіктер үштігін қуып келеді

17 aqpan
924

«Барыс-Жас» «Барысты» жеңді. «Астана» «Құлагерді» жеңгеннен кейін плей-оффқа қарай бір адым жақындады. «Ястребы» «Арланды» ойсырата жеңді. «Торпедо» «Алматының» арынын басты. «Горняк» пен «Ақтөбе» ойынды негізгі уақыттан тыс аяқтады.

«Барыс» жүйесіндегі ұяластар қақтығысында Сергей Старыгиннің ұжымы басым түсті. Осы жеңісінің арқасында «Барыс-Жас» әзірге турнир кестесіндегі екінші аралық орнын сақтап қалды. Ойынның шартты иелері құрамынан Артур Гросс пен Денис Леута дубль жасады.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 6:3 (1:0, 2:0, 3:3)

1:0 – 15:31 – Симонов (Кошевник, Шимин)

2:0 – 22:12 – Гросс (Ситников)

3:0 – 38:10 – Леута (Гросс)

4:0 – 41:20 – Гросс (Леута, Ситников)

4:1 – 51:08 – Бейсембиев (Селезнёв)

4:2 – 51:47 – Тусупбеков (Жарасов)

5:2 – 52:16 – Леута (Ситников, Манаш)

5:3 – 52:59 – Поленов

6:3 – 57:48 – Леута (Ситников, Гросс)

Қақпашылар: Никитин – Габдуллин

«Астана» «Құлагерді» ірі есеппен жеңді және плей-оффқа шығудан үмітті екенін байқатты. Жеңімпаздар құрамынан Мәдихан Күнтуғанов хет-трик жасады.

«Астана» - «Құлагер» 10:5 (2:1, 5:0, 3:4)

1:0 – 02:38 – Жұмабай (Бектұрғанов)

2:0 – 09:35 – Шаяхметов (Бекеев Ж., Китаров) ГБ

2:1 – 11:38 – Капица (Фролов)

3:1 – 21:24 – Күнтуғанов (Бейсембаев)

4:1 – 23:31 – Бейсембаев (Пиниди, Чумак)

5:1 – 25:44 – Бондарев (Бекеев Ж., Бектурганов)

6:1 – 25:58 – Мигунов (Китаров, Бондарев)

7:1 – 26:57 – Күнтуғанов (Бейсембаев, Пиниди)

7:2 – 40:22 – Фролов

7:3 – 40:56 – Блудов (Хальзев)

8:3 – 41:26 – Бектұрғанов (Жұмабай, Бекеев Ж.)

9:3 – 48:01 – Мигунов (Китаров, Бондарев) ГБ

10:3 – 50:39 – Күнтуғанов (Бейсембаев, Чумак)

10:4 – 58:30 – Заруцкий (Блудов, Белов) ГБ

10:5 – 59:59 – Фролов (Заруцкий, Капица) ГБ

Қақпашылар: Риттингер (Сарин, 47:44-60:00) – Коваль (Серікболатов, 25:44-60:00)

«Арлан» оралдық қарсыластарға қарсы еш амал жасай алмады. Қонақтар кезекті үш балды қанжығаға байлады, ал «Ястребы» ойыншылары өздерінің жеке нәтиже көрсеткіштерін жақсартты. Қарсыласты төрт рет оралдықтардың капитаны Игорь Залевский састырды.

«Арлан» - «Ястребы» 1:12 (0:0, 0:7, 1:5)

0:1 – 23:47 – Некрасов

0:2 – 26:35 – Залевский (Смолянский, Васильев) ГБ

0:3 – 29:08 – Бастаногов

0:4 – 33:08 – Кладов (Акпирганов, Жилин)

0:5 – 35:29 – Аманжолов (Аухадеев, Некрасов)

0:6 – 39:05 – Кладов

0:7 – 39:49 – Залевский (Акпирганов, Жилин)

0:8 – 43:52 – Ракишев (Смолянский, Иванников)

0:9 – 47:02 – Залевский (Аманжолов, Аухадеев) ГБ

0:10 – 48:58 – Залевский (Иванников, Смолянский) ГБ

0:11 – 51:04 – Аманжолов

1:11 – 52:36 – Алякин (Жмаев, Сапожников)

1:12 – 56:23 – Аухадеев (Васильев, Некрасов)

Қақпашылар: Дударкиев (Прицкер, 33:08-40:00) – Мейдер (Яковенко, 52:36-60:00)

«Торпедо» нәтижелі тартыста «Алматыдан» жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – Эрик Алдабергенов. Өскемендіктер үздіктердің үштігін өкшелеп қуып келеді, ал алматылықтарға плей-офф басталарда жетінші орнынан айрылып қалу қаупі төніп тұр.

«Торпедо» - «Алматы» 5:4 (3:3, 1:1, 1:0)

1:0 – 06:56 – Астраханцев (Базанов)

1:1 – 07:58 – Кайрат (Бахитжанов, Бауэр)

2:1 – 13:19 – Омельковец (Алдабергенов, Тютюньков Д.) ГБ

3:1 – 15:43 – Панченко (Алдабергенов, Тютюньков Д.)

3:2 – 15:53 – Бауэр (Бахитжанов)

3:3 – 19:27 – Бачурин (Ищенко)

3:4 – 29:32 – Завьялов (Бауэр)

4:4 – 36:16 – Масленников (Омельковец, Астраханцев)

5:4 – 56:12 – Алдабергенов (Тютюньков Д.)

Қақпашылар: Эрштейн (Классен, 20:00-60:00) – Колесников

«Горняк» пен «Ақтөбенің» алғашқы кездесуі Рудныйда тек буллиттер сериясымен аяқталды. Мұнда қонақтар дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасы Даниил Цихоцкийдің есебінде.

«Горняк» - «Ақтөбе» 4:5 Б (1:0, 2:2, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 – 07:20 – Утебаев (Козорез, Жабаровский) ГМ

1:1 – 26:22 – Кучер (Плотников) ГБ

2:1 – 32:44 – Козорез (Сертаев, Утебаев)

2:2 – 39:11 – Гулый (Калиниченко, Цихоцкий)

3:2 – 39:59 – Утебаев (Козорез, Алиев)

3:3 – 47:09 – Гулый (Кучер)

4:3 – 53:42 – Козорез (Утебаев)

4:4 – 56:53 – Плотников (Гулый, Кучер)

4:5 – 65:00 – Цихоцкий

Қақпашылар: Лигай – Костюков