Ястребы мен Торпедо үштікте. 18 ақпандағы матчтарға шолу

18 aqpan
1072

«Барыс» «Барыс-Жастан» қарымта қайтарды. «Құлагер» тұрақты чемпионатты кубоктік сегіздіктен тыс аяқтады. «Ястребы» «Арланды» тағы да сенімді түрде жеңді. «Ақтөбе» «Горняктың» қақпасын аша алмады.

«Барыс-Жас» «Барысқа» жол беріп, тұрақты чемпионатты төртінші орында аяқтады. Шартты қонақтардың қақпашысы Дармен Габдуллин 27 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 1:5 (1:2, 0:1, 0:2)

0:1 – 03:50 – Сапарбек ГБ

0:2 – 05:31 – Муканов (Зизевских)

1:2 – 11:23 – Решетько (Жусупбеков, Русланулы) ГБ

1:3 – 24:52 – Базько (Актаев, Талдыкин) ГБ

1:4 – 44:34 – Поленов (Свинтальский, Тусупбеков)

1:5 – 52:22 – Кисель (Муканов)

Қақпашылар: Истомин – Габдуллин

«Астана» екінші матчта да «Құлагерден» басым түсті. «Елордалықтар» плей-оффтан өздеріне мызғымас орын дайындады, ал петропавлдықтардың кубоктік сегіздікке енуіне бір қадам жетпей қалды.

«Астана» - «Құлагер» 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)

0:1 – 01:15 – Ербатыров (Хальзев)

1:1 – 16:50 – Пиниди (Бейсембаев, Контуганов)

2:1 – 20:52 – Бейсембаев (Бондарев) ГБ

3:1 – 35:53 – Бектурганов (Мухаметжанов, Бекеев Ж.)

4:1 – 50:34 – Мигунов (Китаров, Бондарев)

Қақпашылар: Риттингер – Коваль

«Ястребы» жекпе-жектің екінші кездесуінде «Арланды» жеңді. Осы жеңісінің арқасында оралдықтар тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша екінші орынға шықты.

«Арлан» - «Ястребы» 1:5 (0:4, 0:0, 1:1)

0:1 – 02:06 – Васильев

0:2 – 06:54 – Некрасов (Аухадеев, Аманжолов) ГБ

0:3 – 19:01 – Бастаногов (Аухадеев, Некрасов)

0:4 – 19:38 – Смолянский (Жилин, Васильев)

0:5 – 44:07 – Жилин

1:5 – 49:20 – Жмаев (Кардаков, Мажикенов)

Қақпашылар: Дударкиев – Мейдер (Яковенко, 40:20-60:00)

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орынды «Торпедо» иеленді. Өскемендіктер өздері үшін шешуші матчта қателік жібермей, сенімді түрде жеңіске жетті.

«Торпедо» - «Алматы» 6:2 (1:2, 2:0, 3:0)

0:1 – 04:56 – Бачурин ГБ

1:1 – 16:54 – Тютюньков Д. (Алдабергенов)

1:2 – 19:38 – Бауэр (Бахитжанов, Игушкин)

2:2 – 24:58 – Тютюньков Д. (Хан, Панченко) ГБ

3:2 – 25:49 – Масленников (Бойцов, Стальмаков)

4:2 – 42:37 – Панченко (Алдабергенов)

5:2 – 54:58 – Панченко (Алдабергенов)

6:2 – 59:03 – Масленников (Омельковец)

Қақпашылар: Классен – Колесников

«Горняк» пен «Ақтөбе» арасындағы тартысты кездесу алаң иелерінің пайдасына шешілді. Үшінші кезең шешуші болып, рудныйлықтар екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Кездесудің басты қаһарманы қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берген «Горняктың» қақпашысы Кирилл Митрофанов болды.

«Горняк» - «Ақтөбе» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 – 42:35 – Утебаев (Козорез)

2:0 – 49:41 – Алиев (Волобуев, Жабаровский)

Қақпашылар: Митрофанов – Костюков (Раков, 49:41-60:00)