Торпедо ¼ финалда Қыранмен ойнайды, Барыс-Жас Ақтөбемен кездеседі

18 aqpan
952

Қазақстан жастар чемпионатының ¼ финалы қатысушыларының алғашқы жұптары анықталды.

Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша JastarLigasy плей-оффының медальдары үшін күресетін барлық командалар, сонымен қатар ¼ финалдың алғашқы қарсылас жұптары белгілі болды.

Плей-оффтың алғашқы раундында «Торпедо» (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 3-орын) және «Қыран» (6), сонымен қатар «Барыс-Жас» (4) және «Ақтөбе» (5) кездеседі.

«Барыс» (1) пен «Ястребы» (2) командасынан басқа, плей-оффтан өздеріне «Алматы» мен «Астана» орын дайындады. Бұл командалармен жұптасатын ұжымдар тұрақты чемпионаттың қалған кездесулері аяқталғаннан кейін белгілі болды.