Jastar Ligasy плей-оффының барлық жұптары белгілі болды

21 aqpan
1148

Қазақстан жастар чемпионатының бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша барлық ширек финалист жұптар анықталды.

«Алматы» бүгін «Мұнайшыны» жеңгеннен кейін тұрақты чемпионаттың жетінші орнына табан тіреді. Демек оңтүстікастаналық ұжымға қарсы плей-оффтың бірінші раундында оралдық «Ястребы» шығады. Елордалық «Барыс» және «Астана» тағы бір ширекфиналдық жұпты құрайды.