Барыс тұрақты чемпионаттағы жеңісі үшін марапатталды

22 aqpan
1067

Бүгін «Барыс-Аренада» Jastar Ligasy тұрақты чемпионатының жеңімпазы – астаналық «Барысты» марапаттау салтанаты болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Алексей Мамонтов қатысты.

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Александр Березенскийдің командасы 111 балл жинады және бірінші кезеңнің аяқталуына бірнеше тур қалғанда-ақ бірінші орынды қамтамасыз етті.