Бүгін Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық сериялары аясындағы алғашқы кездесулер өтті.
Елордалық ұжымдардың алғашқы текетіресінде «Барыс» жеңіске жетті. Қонақтар ойын соңында қарсыласты біршама састырды, алайда шешуші сәттерде Александр Березенскийдің ойыншылары дөп түсіп отырды.
«Барыс» - «Астана» 4:1 (1:0, 1:0, 2:1)
1:0 – 04:23 – Сапарбек М. ГБ
2:0 – 30:05 – Бейсембаев (Китаров)
2:1 – 40:53 – Мигунов (Хальзев)
3:1 – 55:52 – Шульга (Тусупбеков, Комаров)
4:1 – 59:59 – Морожников ГМ
Қақпашылар: Дубинскас – Риттингер
Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 1-0.
«Торпедо» мен «Қыранның» алғашқы матчты нағыз триллерге айналды. Қарағандылық ұжым екі рет екі шайба артықшылығымен алға шықты. Алайда алаң иелері үшінші кезеңде жағдайды түзеп, финалдық ысқырықтың естілуіне екі жарым минут қалғанда жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – Степан Рифель.
«Торпедо» - «Қыран» 5:4 (0:1, 1:2, 4:1)
0:1 – 14:08 – Степанов (Симеониди) ГМ
0:2 – 31:05 – Степанов (Трибунский, Жабунин)
1:2 – 34:23 – Омельковец (Рифель) ГБ
1:3 – 39:12 – Белоус
2:3 – 40:07 – Панченко (Тютюньков Д.)
3:3 – 46:14 – Алдабергенов (Панченко, Тютюньков Д.)
4:3 – 50:08 – Тютюньков Д. (Алдабергенов)
4:4 – 51:14 – Ущев (Еськов)
5:4 – 57:30 – Рифель (Алдабергенов)
Қақпашылар: Осокин – Коваль (Дубович, 51:14-60:00)
Сериядағы есеп: «Торпедоның» пайдасына 1-0.
«Барыс-Жас» «Ақтөбеге» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. Бұл кезеңде үшінші кезең шешуші болып, қонақтардың қақпасына үш шайба аттанды. Елордалық ұжымның қақпашысы Владимир Никитин қақпаға бағытталған 26 соққының барлығына тойтарыс берді.
«Барыс-Жас» - «Ақтөбе» 4:0 (1:0, 0:0, 3:0)
1:0 – 17:54 – Симонов (Русланулы, Ляпунов)
2:0 – 48:02 – Надейкин (Левковец)
3:0 – 58:36 – Корчагин (Агланбеков)
4:0 – 59:59 – Решетько (Симонов, Ляпунов)
Қақпашылар: Никитин – Костюков
Сериядағы есеп: «Барыса-Жастың» пайдасына 1-0.