Плей-оффтың екінші ойын күніне шолу

26 aqpan
1370

«Барыс», «Торпедо» және «Барыс-Жас» сериядағы өз үстемдіктерін нығайтты. «Алматы» плей-оффты «Ястребы» командасына қарсы сенімді жеңістен бастады.

«Астана» «Барыстың» тегеурініне тағы да төтеп бере алмады. Алаң иелері үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жартылай финалға қарай қарыштап қадам жасады. Жеңімпаздар құрамынан Николай Шульга дубль жасады.

«Барыс» - «Астана» 5:1 (2:1, 0:0, 3:0)

0:1 – 05:40 – Бондарев (Бекеев Ж., Хальзев) ГБ

1:1 – 07:42 – Шульга (Комаров, Морожников) ГБ

2:1 – 08:14 – Логвин (Талдыкин)

3:1 – 43:22 – Китаров (Селезнёв, Сапарбек М.)

4:1 – 57:31 – Шульга (Свинтальский, Комаров)

5:1 – 58:39 – Комаров (Логвин, Шульга)

Қақпашылар: Дубинскас – Риттингер

Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 2-0.

«Торпедолықтардың» келесі айналымға шығуына бір-ақ жеңіс қажет. Бүгін алаң иелері «Қыранды» тырп еткізбеді. Александр Панченко дубль жасады, «Торпедо» қақпашысы Антон Осокин 27 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Қыран» 7:0 (1:0, 3:0, 3:0)

1:0 – 16:29 – Базанов (Беляков, Якубджанов)

2:0 – 23:41 – Панченко (Алдабергенов, Астафьев) ГБ

3:0 – 25:18 – Омельковец (Рифель, Астраханцев)

4:0 – 37:18 – Панченко (Гавриленко, Алдабергенов)

5:0 – 41:31 – Тютюньков Д. (Гавриленко) ГБ

6:0 – 48:51 – Якубджанов (Беляков)

7:0 – 59:20 – Алдабергенов (Гавриленко)

Қақпашылар: Осокин – Дубович (Коваль, 40:00-60:00)

Сериядағы есеп: «Торпедоның» пайдасына 2-0.

«Барыс-Жаспен» екінші кездесуде «Ақтөбе» қақпаны ашып қана қоймай, тіпті бес шайба салды. Алайда бұл ұмтылысы жеңіске жеткізбеді. Елордалық ұжым екінші үй матчында жеңіске жетіп, түздегі ойынға көтеріңкі көңіл күймен аттанды. Шешуші соққы покер жасаған Семён Симоновқа тиесілі.

«Барыс-Жас» - «Ақтөбе» 7:5 (1:0, 4:3, 2:2)

1:0 – 13:47 – Симонов (Жусупбеков, Ляпунов) ГБ

1:1 – 24:51 – Эрфурт (Коев) ГБ

2:1 – 24:58 – Масен

3:1 – 26:47 – Ситников (Гросс)

4:1 – 29:02 – Симонов

5:1 – 36:34 – Симонов

5:2 – 37:52 – Коев

5:3 – 39:24 – Беляев (Кучер)

6:3 – 41:08 – Симонов (Ляпунов) ГБ

6:4 – 42:27 – Шайкенов

6:5 – 48:51 – Букарь (Беляев)

7:5 – 59:42 – Ляпунов ГБ

Қақпашылар: Никитин – Костюков (Раков, 26:47-60:00)

Сериядағы есеп: «Барыс-Жастың» пайдасына 2-0.

«Алматының» «Ястребы» командасын құрғақ жеңіп, плей-оффтағы жеңістерін бастап кетуі көпшілік үшін күтпеген жайт болды. Никита Игушкин дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Филипп Колесников қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.

«Ястребы» - «Алматы» 0:5 (0:1, 0:3, 0:1)

0:1 – 01:02 – Игушкин (Бауэр, Андрусенко)

0:2 – 26:26 – Филиппенко (Ищенко, Алиев) ГБ

0:3 – 27:49 – Бахитжанов (Соляник, Колесников)

0:4 – 29:51 – Игушкин (Бахитжанов, Бауэр)

0:5 – 48:42 – Алиев (Ищенко)

Қақпашылар: Мейдер (Осипов, 49:13-60:00) – Колесников

Сериядағы есеп: «Алматының» пайдасына 1-0.