«Барыс» пен «Астана» арасындағы ширекфиналдық серия үш матчпен аяқталды. «Торпедо» «Қыраннан» жеңісті жұлып әкетіп, ол да серияны үш ойынмен жапты. «Ақтөбе» «Барыс-Жаспен» алғашқы текетіресте жеңіске жетті.
Андрей Фроловтың хет-тригіне қарамастан, «елордалықтар» үшін маусым аяқталды. «Барыс» сенімді жеңіске жетіп, плей-оффтың келесі айналымына шықты. Қарсыласты үш рет Алмаз Мұқанов сүріндірді.
«Астана» - «Барыс» 4:7 (1:1, 3:3, 0:3)
1:0 – 14:57 – Фролов (Контуганов) ГБ
1:1 – 16:56 – Мұқанов (Селезнёв)
2:1 – 25:00 – Фролов ГБ
2:2 – 26:27 – Кисель
2:3 – 29:15 – Оспанов (Бреус, Талдыкин) ГБ
2:4 – 33:17 – Бреус (Авдеенко, Шапоров)
3:4 – 38:47 – Фролов (Пиниди, Мигунов) ГБ
4:4 – 39:59 – Хальзев (Бондарев, Бекеев Ж.)
4:5 – 46:53 – Муканов (Оспанов)
4:6 – 51:16 – Фокин (Оспанов) ГМ
4:7 – 59:23 – Мұқанов (Оспанов) ГМ
Қақпашылар: Риттингер (Кудимов 33:17-60:00) – Шестаков
Сериядағы есеп: 3-0 в пользу «Барыса».
Қарағандылықтар екінші кезеңде есеп ашып, ұзақ уақыт бойы біршама үстемдік орнатты. Дегенмен қорытынды кезеңде қонақтар екпінді үдетіп, жеңіске жетті. Жеңіс соққысы Диас Тютюньковқа тиесілі. «Торпедо» сериядағы үшінші матчын жеңіп, жартылай финалға шықты.
«Қыран» - «Торпедо» 1:2 (0:0, 1:0, 0:2)
1:0 – 24:51 – Булавчук (Двуреченский, Чапоров)
1:1 – 47:41 – Каранов (Рифель, Хан)
1:2 – 50:58 – Тютюньков Д. (Гавриленко)
Қақпашылар: Коваль – Осокин
Сериядағы есеп: 3-0 в пользу «Торпедо».
«Ақтөбе» биылғы плей-оффтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Барыс-Жаспен» ойында екінші кезең шешуші болып, алаң иелері елордалық қарсыласты үш рет сүріндірді. Николай Коев дубль жасады. Ертең командалар төртінші текетіресін өткізеді.
«Ақтөбе» - «Барыс-Жас» 5:3 (1:1, 3:1, 1:1)
0:1 – 12:58 – Ляпунов (Русланулы, Симонов)
1:1 – 13:24 – Коев (Кураков)
2:1 – 23:04 – Махамадеев
3:1 – 30:58 – Коев (Цихоцкий)
3:2 – 33:36 – Симонов (Ляпунов)
4:2 – 38:59 – Кабашев (Беляев, Ибраев) ГБ
5:2 – 45:46 – Кураков (Анцельм, Эрфурт) ГБ
5:3 – 46:41 – Корчагин (Левковец, Лукавенко)
Қақпашылар: Костюков – Никитин
Сериядағы есеп: «Барыс-Жастың» пайдасына 2-1.