«Барыс-Жас» пен «Ақтөбенің» төртінші текетіресі нағыз триллерге айналды.
Елордалық ұжым бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, екі шайбамен алға шықты. Алайда әрі қарай алаң иелері үш дөп соққымен жауап берді. Нәтижесінде «Барыс-Жас» ақтық ысқырыққа төрт секунд қалғанда ғана есе қайтарды. Овертаймда «Ақтөбе» өз дегеніне жетті. Жеңіс шайбасы дубль жасаған Леонид Беляевтің есебінде. 5 наурыз күні командалар елордада серияның шешуші бесінші матчын өткізеді.
«Ақтөбе» - «Барыс-Жас» 4:3 ОТ (0:2, 2:0, 1:0, 1:0)
0:1 – 06:22 – Ляпунов (Решетько, Симонов)
0:2 – 12:29 – Левковец (Надейкин, Корчагин)
1:2 – 28:26 – Кучер (Артемьев)
2:2 – 32:44 – Ибраев (Беляев)
3:2 – 55:07 – Беляев (Гулый) ГБ
3:3 – 59:56 – Жусупбеков (Симонов) ГБ
4:3 – 62:04 – Беляев
Қақпашылар: Костюков - Истомин
Сериядағы есеп: 2-2.