Ястребы Алматыда серия бойынша алғаш рет алға шықты

3 naýryz
908

«Ястребы» мен «Алматының» үшінші текетіресі оралдық ұжымның пайдасына шешілді.

Нәтижелі бірінші кезеңнен кейін командалардың екпіні бәсеңдеді. Шешуші сәт соңғы кезеңнің ортасында орын алды: қонақтардың капитаны Игорь Залевский өз командасына сериядағы екінші жеңісті әкелді. Ертең оңтүстік астанада төртінші кездесу өтеді. Оралдықтарға жартылай финалға шығу үшін бір ғана матч қалды.

«Алматы» - «Ястребы» 2:4 (2:2, 0:0, 0:2)

1:0 – 03:26 – Филиппенко (Фокин)

1:1 – 07:46 – Некрасов (Иванников, Аманжолов) ГБ

1:2 – 08:45 – Васильев

2:2 – 18:14 – Ищенко (Фокин, Филиппенко) ГБ

2:3 – 51:58 – Залевский ГБ

2:4 – 59:53 – Иванников ПВ

Қақпашылар: Колесников – Мейдер

Сериядағы есеп: «Ястребы» командасының пайдасына 2-1