Барыс Ақтөбемен серияда алға шықты

8 naýryz
843

«Барыс» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық серияның алғашқы матчында елордалық хоккейшілер жеңісті жұлып әкетті.

Бірінші кезеңде шайба салынбады. Есесіне екінші кезеңнің бірінші минутында алаң иелері Игорь Кисельдің арқасында есеп ашты. Назар Евлашевский қорытынды кезеңде есеп теңестірді. Ойын овертаймға өтеді-ау дегенде, ақтық ысқырыққа 43 секунд қалғанда Руслан Оспанов «Барысқа» жеңіс сыйлады.

Тұрақты чемпионат жеңімпазы серияда үш матчты жеңіспен аяқтады. Екінші кезең ертең Нұр-Сұлтанда өтеді.

«Барыс» – «Ақтөбе» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

1:0 – 20:35 – Кисель (Оспанов, Талдыкин)

1:1 – 43:14 – Евлашевский (Калиниченко)

2:1 – 59:17 – Оспанов (Телгожаев, Кисель)

Қақпашылар: Дубинскас – Костюков