«Барыс» «Ақтөбемен» екінші кездесуді де жеңді. «Ястребы» «Торпедомен» серияда алға шықты.
Кешегі ойынмен салыстырғанда бүгінгі қонақтар үшінші кезеңде ғана шабуылдай алды. Ал бұл кезде елордалық ұжым есеп бойынша алға шығып, ақтық ысқырыққа дейін үстемдігін сақтап қалды. Енді командалар 12 наурыз күні серияның үшінші матчы өтетін Ақтөбеге жол жүреді.
«Барыс» - «Ақтөбе» 7:4 (3:0, 3:1, 1:3)
1:0 – 04:26 – Китаров (Бреус)
2:0 – 08:59 – Нурлан (Смольянинов)
3:0 – 13:14 – Муканов (Оспанов, Талдыкин)
4:0 – 26:45 – Фокин (Нурлан, Смольянинов)
4:1 – 31:30 – Плотников (Беляев)
5:1 – 32:17 – Кисель (Селезнёв)
6:1 – 36:12 – Телгожаев (Муканов)
6:2 – 44:23 – Коев (Кураков, Цихоцкий)
6:3 – 58:04 – Кураков (Букарь, Эрфурт)
6:4 – 59:03 – Гулый (Беляев, Артемьев)
7:4 – 59:13 – Свинтальский
Қақпашылар: Дубинскас (Шестаков, 40:00-60:00) – Костюков
Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 2-0.
«Ястребы» «Торпедоға» қарсы өз алаңындағы жеңістердің жартылай финалдық сериясын ашты. Матчтағы екінші кезең нәтижелі болды. Жеңіс шайбасы Вадим Аухадеевке тиесілі.
«Ястребы» - «Торпедо» 4:2 (1:0, 3:2, 0:0)
1:0 – 14:02 – Смолянский (Аухадеев)
1:1 – 22:39 – Рысбеков (Якубджанов)
2:1 – 26:03 – Аманжолов (Аухадеев)
3:1 – 29:33 – Аухадеев (Некрасов)
4:1 – 34:01 – Пархоменко (Залевский, Акпирганов)
4:2 – 39:29 – Панченко (Алдабергенов)
Қақпашылар: Мейдер – Классен
Сериядағы есеп: «Ястребыдың» пайдасына 1-0.