Торпедо Ястребы командасымен серияда есеп теңестірді

10 naýryz
1130

Оралдағы екінші текетірес өскемендік ұжымның пайдасына шешілді.

Бүгін командаларға жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Айтып өтетін жайт, «Ястребы» сериядағы екінші жеңісіне жетуге жақын болды. Алайда үшінші кезеңнің барысында қонақтар екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Оның үстіне үшінші голын «Торпедо» ойыншылары финалдық ысқырыққа 43 секунд қалғанда ұйымдастырды.

Овертайм ұзаққа созылмады. Максим Базанов қонақтарға жартылай финалдағы бірінші жеңісін сыйлады. Командалар сериядағы 1-1 есеппен Өскеменге ойысады.

«Ястребы» - «Торпедо» 3:4 ОТ (1:1, 2:0, 0:2, 0:1)

1:0 – 15:20 – Жилин (Ракишев, Залевский)

1:1 – 19:38 – Алдабергенов (Панченко, Астафьев)

2:1 – 21:56 – Пархоменко (Рахимов, Бастаногов)

3:1 – 36:28 – Ракишев (Васильев, Жилин)

3:2 – 44:53 – Астраханцев (Рысбеков, Базанов)

3:3 – 59:17 – Алдабергенов (Тютюньков Д., Панченко)

3:4 – 61:30 – Базанов (Бойцов)

Қақпашылар: Осипов – Эрштейн (Классен, 40:00-61:30)

Сериядағы есеп: 1-1.