Барыс – Қазақстан жастар чемпионатының бірінші финалисі

12 naýryz
1206

«Барыс» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық серияның үшінші матчы елордалық ұжымның бақылауында өтті.

Матчта екінші кезең шешуші болып, қонақтар қарсыластың қақпасына төрт шайба салды. Қорытынды кезеңде «Ақтөбе» бойын тіктеп, тіпті үш шайба салып, есе қайтарды. Алайда матчты құтқару мүмкін болмады. «Барыс» жартылай финалды минималды матч санымен аяқтап, шешуші сериядағы қарсыласын күтуде.

«Ақтөбе» - «Барыс» 3:7 (0:1, 0:4, 3:2)

0:1 – 01:30 – Цыбин (Колодюк)

0:2 – 22:41 – Муканов (Кисель, Китаров)

0:3 – 25:08 – Фокин (Смольянинов, Шапоров)

0:4 – 34:02 – Оспанов (Кисель, Муканов)

0:5 – 39:05 – Смольянинов (Бреус)

1:5 – 45:54 – Кураков (Эрфурт) ГБ

2:5 – 48:56 – Коев

3:5 – 55:57 – Кучер (Кураков) ГБ

3:6 – 58:31 – Колодюк (Шетле, Касенов) ГБ

3:7 – 59:33 – Оспанов (Смольянинов)

Қақпашылар: Костюков (Раков, 39:55-60:00) – Шестаков

Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 3-0.