Ястребы командасының финалға шығуына бір қадам қалды

13 naýryz
814

«Ястребы» мен «Торпедо» арасындағы жартылай финалдық серияның үшінші текетіресінде өскемендік ұжым қарсыластың қақпасын ала алмады.

Кездесу өз сәттерін ұтымды пайдаланып, қорғаныста мығым ойнаған қонақтардың бақылауында өтті. Виталий Жилин мен Даниил Некрасов үш түрлі жағдайда гол салды.

Сериядағы үш жеңіске дейінгі есеп оралдықтардың пайдасына 2-1 болды. Жартылай финалдың төртінші жекпе-жегі ертең Өскеменде өтеді.

«Торпедо» - «Ястребы» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 09:34 – Жилин (Худайбергенов) ГБ

0:2 – 28:45 – Некрасов (Жилин, Иванников)

0:3 – 59:31 – Жилин (Аухадеев) ГМ

Қақпашылар: Осокин – Мейдер

Сериядағы есеп: «Ястребы» командасының пайдасына 2-1.