Өскемендіктер кешегі жеңілістен тез айығып, бүгін қарсыласты ойсырата жеңді.
Серияның төртінші текетіресінде «торпедолықтар» өз сәттерін іске асыруға ұқыптылықпен қарады. Ал әдетте нәтижелі «Ястребы» бір голдан артық ұйымдастыра алмады. Жеңімпаздар құрамынан Диас Тютюньков хет-трикпен көзге түсті. Алаң иелерінің голкипері Антон Осокин қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс берді.
Аталмыш жартылай финалдық серияның жеңімпазы 17 наурыз Оралда өтетін бесінші матчта анықталады.
«Торпедо» - «Ястребы» 7:1 (2:0, 3:1, 2:0)
1:0 – 05:27 – Панченко (Якубджанов) ГМ
2:0 – 09:30 – Тютюньков Д. ГБ
3:0 – 25:25 – Тютюньков Д.
4:0 – 26:52 – Панченко (Алдабергенов, Тютюньков Д.) ГБ
5:0 – 30:21 – Стальмаков (Тютюньков Д.)
5:1 – 36:08 – Аманжолов
6:1 – 43:02 – Алдабергенов (Панченко, Тютюньков Д.) ГБ
7:1 – 53:57 – Тютюньков Д. (Алдабергенов, Астафьев)
Қақпашылар: Осокин – Мейдер
Сериядағы есеп: 2-2.