Көшбасшылар жеңіске жетті. 24 қарашадағы матчтарға шолу

24 qarasha
1087

"Барыс" нәтижелі ойында «Арланнан» басым түсті. «Торпедо» «Астананы» қақпасына шайба жуытпастан жеңді.

"Барыс" нәтижелі бірінші кезеңнің арқасында «Арланға» қарсы түздегі ойында жеңіске жетті. Көкшетаулық команданы Роман Ермак үш рет қапы қалдырды.

"Арлан" – "Барыс" 4:7 (1:4, 2:2, 1:1)

0:1 – 01:35 – Кабатаев ГМ

1:1 – 02:29 – Гафаров (Ибраев)

1:2 – 07:55 – Ермак (Логвин, Нурлан)

1:3 – 13:37 – Цыбин (Муканов, Морожников)

1:4 – 18:39 – Ермак (Коган, Нурлан)

2:4 – 22:16 – Гафаров (Омельян, Ибраев)

3:4 – 26:09 – Кучер (Шкиль, Игушкин)

3:5 – 30:41 – Муканов (Морожников, Цыбин)

3:6 – 32:13 – Ермак (Айткалиев, Нурлан)

4:6 – 41:22 – Смолянский ГМ

4:7 – 44:40 – Цыбин (Сапарбек, Морожников)

Қақпашылар: Чепец – Колесников (Осипов, 29:09-60:00)

"Торпедо" «Астанаға» қарсы ойында «құрғақ» жеңіске жетті. Бұл матчта екінші кезең шешуші болды. Өскемендіктердің голкипері Антон Осокин қақпаға бағытталған барлық 32 соққыға тойтарыс берді.

"Астана" – "Торпедо" 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 – 22:58 – Попов (Тютюньков Д., Дьяченко)

0:2 – 39:22 – Тютюньков Я. (Маслеников)

0:3 – 59:45 – Пивень (Плотников, Панченко)

Қақпашылар: Риттингер – Осокин