Ястребы командасына ескерту жасалды

15 naýryz
2457

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі 2022 жылдың 14 наурызында Өскеменде «Торпедо» және «Ястребы» командалары арасындағы матч өткеннен кейін Александров атындағы мұз спорт сарайының фойесінде «Ястребы» ХК ойыншылары агрессорлары болған команда ойыншылары арасында қақтығыс орын алғанын хабарлайды.

«Торпедо» хоккей клубы құқық қорғау органдары мен Қазақстан хоккей федерациясына тиісті шаралар қабылдау туралы жүгініп, бейнематериалдар ұсынды. Аталмыш инцидент құқық қорғау органдары тарапынан қарастырылуда. Тергеу жүріп, ол бойынша ҚР заңнамасына сай шешім қабылданатын болады.

ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу бөлімі өз тарапынан бейнематериалдармен танысып, келесідей шешім қабылдады:

- осы командалар арасындағы келесі матчта «Ястребы» ХК басшылығы ойын уақытында да, сонымен қатар ойынға дейін және кейін хоккейшілердің қауіпсіздігіне қатысты күшейтілген шаралар қабылдасын;

- қақтығысқа «Ястребы» ойыншысы Д. Васильевтің белсене қатысқаны үшін оның бірнеше мәрте жасаған бұзақылық әрекеттері ескеріліп, 2021-2022 жылғы маусымның соңына дейін матчтардан аластатылсын. Сонымен қатар ойыншы Д. Васильевтің ҚХФ 2022-2023 жылғы маусымда өткізетін матчтарға қатысуына тыйым салу мәселесі қарастырылатын болады;

- «Ястребы» ХК ойыншылары тарапынан бұзақылық әрекеттер қайталанған жағдайда, ҚХФ алдағы бес жылда хоккей клубтарында ойыншылардың заңсыз әрекеттеріне жол берген басшылар мен жаттықтырушылар жұмыс істейтін командаларға өткізілетін жарыстарға қатысуға тыйым салу туралы шешім қабылдайды.