Финалдың алғашқы текетіресінде оралдықтар елордалық ұжымның қақпасын ала алмады.
Екінші кезең шешуші болып, қонақтардың қақпасына үш шайба аттанды. Қарсыласты екі реттен Роман Ермак пен Всеволод Логвин сүріндірді. «Барыс» қақпашысы Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді.
Александр Березенскийдің ойыншылары үш жеңіске дейінгі серияда алға шықты. Екінші кездесу ертең Нұр-Сұлтанда өтеді.
"Барыс" - "Ястребы" 5:0 (1:0, 3:0, 1:0)
1:0 – 00:45 – Фокин (Шапоров, Смольянинов)
2:0 – 28:18 – Ермак (Фокин)
3:0 – 33:38 – Логвин (Нурлан, Бреус)
4:0 – 38:37 – Ермак (Муканов)
5:0 – 49:48 – Логвин
Қақпашылар: Дубинскас – Мейдер (Осипов 40:00-60:00)
Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 1-0.