Барыс тағы да Ястребы командасынан басым түсті

23 naýryz
1229

«Барыс» пен «Ястребы» арасындағы финалдың екінші матчы да елордалық ұжымның бақылауында өтті.

«Ястребы» бүгін қарсыластың қақпасын аша алды, алайда бұл сериядағы есепті теңестіру үшін жеткіліксіз болды. Александр Березенскийдің ойыншылары соңғы кезеңде дәлірек көздеп, қорғаныста мығым ойнады. Данил Талдыкин мен Игорь Кисель өз қоржындарына екі нәтижелі соққыдан жазды. Командалар Оралға аттанды, үстемдікке «Барыс» ие.

«Барыс» – «Ястребы» 6:2 (1:0, 2:1, 3:1)

1:0 – 06:15 – Талдыкин (Ермак, Кисель) ГБ

2:0 – 20:58 – Талдыкин (Муканов, Ермак)

2:1 – 22:58 – Некрасов (Жилин, Залевский) ГБ

3:1 – 35:37 – Кисель (Талдыкин, Телгожаев)

4:1 – 42:15 – Свинтальский (Бейсембаев)

5:1 – 46:18 – Логвин

6:1 – 51:45 – Кисель (Бреус, Свинтальский)

6:2 – 57:23 – Аухадеев (Залевский, Некрасов) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас – Осипов (Яковенко, 51:45-60:00)

Сериядағы есеп: «Барыстың» пайдасына 2-0.