Барыс пен Ястребы медальдармен марапатталды

27 naýryz
2054

Оралда Қазақстан жастар чемпионатының жеңімпазы мен күміс жүлдегерін марапаттау салтанаты өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Каймен Есендияров, БҚО хоккей федерациясының президенті Аркадий Рубцов, Қысқы спорт түрлері бойынша ОБЖСМ директоры Тұрарбек Алтынбекұлы, сонымен қатар QHL басқарушы директоры Андрей Сачук қатысты.

Биылғы маусымда күміс марапатты оралдық «Ястребы» командасы жеңіп алды. Jastar Ligasy чемпионы – осымен үшінші жыл қатарынан елордалық «Барыс». Сонымен қатар чемпионаттың өз амплуасы бойынша үздік ойыншылары атанды.